Жаңалықтар



ХАБАРЛАНДЫРУ📍
Құрметті ата-аналар!
Мектебіміздің әлеуметтік осал топтағы отбасыларын әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету мақсатында жалпыға бірдей міндетті оқу қорына қаржылай көмек беруге құжаттар қабылданатынын хабарлаймыз.
✍️Құжаттар ҚР Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес қабылданады.
✍️Құжат қабылдау мерзімі 2025 жылдың 11.08-15.08 аралығында жүргізіледі ✍️Арнайы әлеуметтік статусын анықтау үшін төмендегі құжаттар қажет:
1. Өтініш (мектепке келіп жазасыз)
1.1.Ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі.
2.Барлық балаларының туу туралы куәлігінің көшірмесі (18 жасқа дейін)
3.Ата-анасының неке қию туралы куәлігінің көшірмесі.
3.1 Ата-анасы ажырасқан болса, некені бұзу туралы куәлік (бала кімнің тәрбиесінде, уәкілетті органның шешімі)
3.2 Тағайындалған алимент мөлшері көрсетілген анықтама немесе алимент алмайтындығы жөнінде анықтама.
3.3 Ата-анасы қайтыс болған жағдайда қайтыс болғандығы жөнінде куәлік көшірмесі
3.4 Көп балалы болса көп балалы туралы көк кітапша. Көп балалыға алатын жәрдемақы көрсетілген анықтама (соңғы 1 жыл кіріс), «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқа иегері болса құжат көшірмесі.
3.5 Жасы 18-23 аралығында колледжде, жоғары оқу орнында оқитын бала болса оқу орнынан анықтама.
4.Ата-анасының жұмыс орнынан еңбекақысы көрсетілген анықтама соңғы 1 жылдың табыс көзі көрсетілген анықтама.
4.1.Егер ата- ана жұмыссыз болса , жұмыссыздыққа тіркелгендігі туралы анықтама.
4.2.Соңғы 1 жылғы зейнетақы аударымдары.(Егов не Каспийден онлайн)
5. АСП алса, АСП 3 квартал 2025жылға алатындығы жөнінде анықтама.
6.Жеке кәсібі болса (ИП), (ТОО) әлеуметтік көмек берілмейді .Сол себептен (ИП),(ТОО) жоқ деген анықтама алып келеді.(Egov) сайтынан алады.
7.Отбасында балаларының бірі мүмкіндігі шектеулі болса, сол баланың мүгедектігін растайтын құжат көшірмесі.
8.Ата-анасы зейнеткер болса, зейнетақы тағайындалған кітапша көшірмесі.
9.Ф-4 анықтама көшірмесі.
10. 20 сандық банк есеп шоты (Каспий, халық банк), (Пенсия, бала ақшасы түсетін банк, туысының счеттарын, арестте тұрған есеп шотты әкелуге болмайды)
11. Балалары оқитын мектебінен анықтама.
12. Көк түсті файл папка 10 беттік (регистрге тігілетін жанында тесігі бар)
Ескерту: жоғарыда көрсетілген құжаттардың бірі болмаған жағдайда құжаттар қабылданбайды❌
(Барлық құжаттардың тек көшірмелері қабылданады)
Егер сіздің жанұядағы жан басына шаққандағы табысыңыз ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетсе, құжаттар қабылданбайды❌
🛑Қабылдау уақыты:
9.00-13.00
🛑Түсқайта құжат қабылданбайды.
🛑Мектепке келіп құжаттарды тапсырады.
🛑 Ата-аналар тек қана сынып жетекшілермен байланыста болады.
🛑 Ата-аналар хабарландыруды естімей қалған жағдайда сынып жетекшілер жауап береді.
📞Телефонмен қабылданбайды❌
Мектеп әкімшілігі.


